«Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 32 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 175 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13182 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 6 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде орыс тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Орыс тілі» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы;