Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 6 наурыздағы 27 сессиясының № 27/7 «Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 26 маусымдағы № 27/4 шешімі
Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 шілдедегі № 17/4 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» № 2314 қаулысына сәйкес, Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 6 наурыздағы № 27/7 «Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы ережесін бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2579 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 11 (14) «Вести Темиртау» газетінде жарияланған, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 18 сәуірде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы шешіммен бекітілген, Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы Ережесінде:
1) 1 тармақ мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын: