«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 353 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 416 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіндегі кадрлық өзгерістерге байланысты және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 353 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің құрамына (бұдан әрі - Құрам):
Суханбердиева Эльмира Амангелдіқызы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, төраға;
Көбенова Гүлзат Ізбасарқызы - Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының міндетін атқарушы, төраға орынбасары;
Пірімқұлов Ахметжан Әбдіжәмілұлы - Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы;
Өтешова Анар Әбітайқызы - Қаржы департаментінің директоры;
Есмақанова Анар Зекенқызы - Ғылым комитеті төрағасының міндетін атқарушы;
Аршабеков Нұрғали Рахымғалиұлы - «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Басқармасының төрағасы;
Бейсембетов Ескендір Қалыбекұлы - Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің ректоры;
Сырғалиев Ержан Өмірханұлы - Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры;
Хамзина Нұргүл Қалиқызы - С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті ректорының міндетін атқарушы енгізілсін;