«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 452 бұйрығына өзгерістер пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 20 мамырдағы № 110 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 452 (бұдан әрі - Регламент) бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің регламентінде:
«Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және олардың құқықтық мониторингі» деген 22-тарау жаңа редакцияда жазылсын:
«22-тарау. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және олардың құқықтық мониторингі
335. Министрліктің норма шығару қызметі Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының перспективалық жоспарына және талаптарға сәйкес жүзеге асырылады:
1) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидалары (бұдан әрі - № 907 қағидалар);
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті № 10 (бұдан әрі - № 10 Регламент);