Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 11 ақпандағы № 34 Қаулысымен күші жойылды
Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015.28.12. № 440 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 1 шілдедегі
№ 202 қаулысына 8-қосымша
«Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті
(2015.28.12. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары мен облыстық маңызы бар қалаларының білім беру, отбасы және балалар саласындағы функцияларын жүзеге асыратын атқарушы органдарымен (бұдан әрі- көрсетілетін қызметті беруші) ұсынылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініші қабылдау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде - баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт не Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
порталда - Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт жасасу туралы хабарлама не Стандарттың 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау