Введите номер документа
Прайс-лист

Сот қызметкерлерінің кәсіби этикасы

Информация о документе
Датапятница, 16 января 2026
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 16 января 2026

16.01.2026

Сот қызметкерлерінің кәсіби этикасы

 

Құқықтық мемлекетте сот билігі әділдіктің, заң үстемдігінің және азаматтардың құқықтарын қорғаудың негізгі тірегі болып табылады. Осы орайда сот қызметкерлерінің кәсіби этикасы сот төрелігінің сапалы әрі әділ жүзеге асырылуында ерекше маңызға ие. Кәсіби этика - бұл сот қызметкерлерінің мінез-құлқын реттейтін моральдық қағидалар мен қызметтік нормалардың жиынтығы. Сот қызметкерлері өз міндеттерін атқару барысында заңдылықты қатаң сақтауға міндетті. Заңға бағыну - кәсіби этиканың басты талабы. Әрбір қызметкер қабылдайтын шешімдері мен әрекеттері Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қолданыстағы заңнамаға сәйкес болуы тиіс. Заң талаптарын бұзу сот беделіне нұқсан келтіріп қана қоймай, қоғамның сот жүйесіне деген сенімін төмендетеді.

Кәсіби этиканың маңызды қағидаларының бірі - тәуелсіздік пен бейтараптық. Сот қызметкерлері қандай да бір сыртқы ықпалға, қысымға немесе жеке мүддеге бой алдырмауы қажет. Сот процесіне қатысушылардың барлығына тең қарап, олардың әлеуметтік жағдайына, лауазымына немесе жеке көзқарасына қарамастан әділ қарым-қатынас жасауы тиіс. Адалдық пен ар-намыс - сот қызметкерінің басты қасиеттері. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, қызметтік өкілеттігін жеке пайда үшін пайдаланбау - кәсіби этиканың негізгі талаптарының бірі. Әрбір сот қызметкері өз әрекеті арқылы сот билігінің абыройын арттыруға жауапты екенін сезінуі қажет. Сонымен қатар құпиялылықты сақтау да кәсіби этиканың ажырамас бөлігі болып табылады. Қызмет барысында алынған ақпаратты, сот талқылауының нәтижелерін немесе жеке деректерді жария етуге жол берілмейді. Бұл талап азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған. Сот қызметкерлерінің кәсібилігі мен мәдениеті де ерекше рөл атқарады.

Азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық таныту, әдепті сөйлеу, сабыр сақтау сот жүйесіне деген оң көзқарас қалыптастырады. Қызметтік міндеттерді уақытылы әрі сапалы орындау - жауапкершіліктің көрінісі.

 Қорытындылай келе, сот қызметкерлерінің кәсіби этикасы сот билігінің тиімді жұмыс істеуінің және қоғамның сотқа деген сенімінің негізгі кепілі болып табылады. Этика талаптарын сақтау арқылы сот қызметкерлері құқықтық мемлекеттің дамуына және әділ қоғам құруға өз үлестерін қосады.

 

Қарағанды облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының

әкімшісі басшысы Г.А. Аменова

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами