«Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 15 тамыздағы № 388-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18639 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және «Кинематография туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.»;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбеде мазмұндалған.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген құжаттарды тіркеу күнінен бастап, құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтінішті тіркеген кезден бастап 6 (алты) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарастырады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын қалыптастырады.