Введите номер документа
Прайс-лист

«Ақпараттық жүйені, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын, мемлекеттік органның интернет-ресурсын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 298 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 178 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 9 апреля 2018
Статус
Утратил силу
утратил силу с 19 января 2020

 «Ақпараттық жүйені, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын, мемлекеттік органның интернет-ресурсын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 298 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 178 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1047 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ақпараттық жүйені, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын, мемлекеттік органның интернет-ресурсын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 298 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 31, 178-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ақпараттық жүйені, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын, мемлекеттік органның интернет-ресурсын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаттаудан өткізу қағидаларында:

3-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;

11) тармақшасы алып тасталсын;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Міндетті аттестатталатын объектілер:

1) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі;

2) мемлекеттік заңды тұлғаның ақпараттық жүйесі, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйе.

Осы тармақшада белгіленген талаптар қаржы ұйымдарының ақпараттық жүйелері өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі арқылы интеграцияланған кезде оларға қолданылмайды;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом