Осы редакция 2016 жылғы 2 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Алматы облысы әкімдігінің
2015 жылғы 17 шілдедегі
№ 321 қаулысымен
бекітілген
«Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды)
асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1.Жалпы ережелер
1. «Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандық және облыстық маңызы бар қалалық жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.
2. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны - қағаз жүзінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - мемлекеттік қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау туралы шешім.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен
көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимыл тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылатын:
мемлекеттік қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: