«Жұмыспен қамтудың 2020 - 2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 55-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 25 ақпандағы № 40-ө өкімі
1. «Жұмыспен қамтудың 2020 - 2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 55-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Жұмыспен қамтудың 2020 - 2021 жылдарға арналған жол картасында:
«2021 жылға арналған Жұмыспен қамту жол картасын іске асырудың мақсаттары мен бағыттары» деген тарауда:
екінші бөліктің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) отандық тауарлар өндірісін, қызметтер көрсетуді дамыту және жұмыс орындарын құру үшін «Бастау Бизнес» жобасы түлектерінің бизнес-жоспарларын қаржыландырудың (микрокредиттеудің) қолжетімділігін арттыру.»;
«Бірінші бағыт: Әлеуметтік-мәдени, инженерлік-көліктік өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің жалпы құрылыс және арнайы жұмыстары бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру» деген тарауда:
үшінші абзац алып тасталсын;
«Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру тәртібі мен шарттары» деген тарауда:
бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы жаңа абзацпен толықтырылсын:
«ВАК шешімінің негізінде жұмыстар мен объектілердің өзге де түрлерін іске асыруға жол беріледі.»;
«Инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналастырудың тәртібі мен шарттары» деген тарауда:
он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«ХЖҚО бағыттары бойынша жұмысқа орналасқандардың жалақы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, әлеуметтік төлемдерді және пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны ескере отырып, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған жалақының ең төменгі екі мөлшерінен кем болмайтын деңгейде белгіленеді.»;
«Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мониторингі» деген тарауда:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: