Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) МЕДИЦИНАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША РЕЗИДЕНТУРАНЫҢ МЕМЛЕ...

Информация о документе
Датапятница, 31 июля 2015
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 31 июля 2015

Осы редакция 2020 жылғы 21 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

және әлеуметтік даму министрінің м.а.

2015 жылғы 31 шілдедегі

№ 647 бұйрығына

5-қосымша

 

 

Медициналық мамандықтар бойынша резидентураның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру

стандарты

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы медициналық мамандықтар бойынша резидентураның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және резидентура тыңдаушыларының білім беру бағдарламаларының мазмұнына, білім траекториясына, білім беру құрылымы мен мазмұнына, олардың даярлық деңгейін белгілейді.

Осы стандартта терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) біліктілік - білім туралы құжатта көрсетілген кәсіптік қызметті орындау немесе білім алуды жалғастыруға резидентура түлегінің кәсіби даярлығының дәрежесі мен түрі;

2) жетекші - резидентура тыңдаушыларына бекітілген, академиялық тәлімгердің қызметтерін атқаратын, жеке оқу жоспарын жүзеге асыруға және қалыптастыруға қатысатын, білім алушылардың ғылыми қызметтері мен білім беруші жетекшілігін жүзеге асыратын, жұмысқа орналасуға жәрдемдесетін тұлға. Жетекші кафедраның (бөлімнің) профессорлық-оқытушылық құрамынан немесе бірінші және жоғары санаттағы білікті практикалық денсаулық сақтау қызметкерлерінен тағайындалады;

3) клиникалық тәлімгер - резидентура тыңдаушыларына қажетті практикалық дағдыларды меңгертуге бекітілген кафедраның (бөлімнің) профессорлық - оқытушылық құрамынан немесе бірінші және жоғары санаттағы білікті практикалық денсаулық сақтау қызметкерлерінен тағайындалатын тұлға;

4) кредит (Credit, Credit-hour) - білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін сәйкестендірілген бірлігі;

5) құзыреттер - студенттердің оқыту процесі кезінде алған білім, шеберлік және дағдысын кәсіптік қызметте практикалық тұрғыдан қолдана білу қабілеті;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом