Қобда аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 395 «Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 20 шешімі
Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 92 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26 бабына сәйкес, Қобда аудандық мәcлихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қобда аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 395 «Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7903 тіркелген, 2021 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген, Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
9 тармақта:
2) тармақшасында:
«3500 (үш мың бес жүз) теңге» сандары мен сөздері «5000 (бес мың) теңге» сандары мен сөздеріне ауыстырылсын;