«Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 14 қазандағы № 371 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17320 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Ағымдағы қаржы жылындағы өтінімдер бойынша ағымдағы қаржы жылы жергілікті бюджеттен инвестициялық субсидияларды төлеуге қаражат болған кезде әкімшінің шешімі бойынша мынадай жобалар паспорттары бойынша инвестициялық салымдардың өтеу үлесін ұлғайтуға жол беріледі:
50 (елу) %-ке дейін:
ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін № 1 «Ауыл шаруашылығы техникасын, машиналары мен жабдықтарын сатып алу» жобасының паспорты бойынша 2; 13.2; 14; 19; 25; 26; 28; 29; 30; 31; 36; 40; 42-позициялар бойынша;
ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін № 1.1 «Басым ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын сатып алу» жобасының паспорты бойынша 1; 2; 5; 6; 7; 8; 10; 11-позициялар бойынша;
ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін № 8 «Сүт өңдеу объектісін құру және кеңейту, сүт қабылдау пункттерін құру, ауыл шаруашылығы кооперативтері, дайындау ұйымдары, сүт қабылдау пункттері және сүт өңдеу кәсіпорындары үшін жабдықтар мен техника сатып алу» жобасының паспорты бойынша.
Бұл ретте, бір ауыл шаруашылығы кооперативі сатып алынған (сатып алынатын) техникаға, машина мен жабдыққа:
тиісті мөлшерде тіркемелі және аспалы жабдықтары бар үш тракторға;