Введите номер документа
Прайс-лист

«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 4 сәуірдегі № 178 бұйрығы

Информация о документе
Датапонедельник, 4 апреля 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 8 июня 2022
Дата последнего измененияпонедельник, 4 апреля 2022

 «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 4 сәуірдегі № 178 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10486 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларында:

7, 8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Уәкілетті ұйым кеңсесінің маманы құжаттар мен мәліметтерді тіркеуді олар келіп түскен күні жүзеге асырады.

Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Уәкілетті ұйым «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом