«Техникалық реттеу, метрология саласындағы және Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуы бойынша тәуекел дәрежесінің бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1199 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 826 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 833 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 90 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Техникалық реттеу, метрология саласындағы және Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуы бойынша тәуекел дәрежесінің бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 826 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12735 болып тіркелген,) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бекітілсін:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес техникалық реттеу, метрология саласындағы және Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуы бойынша бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау аясында тексеру парақтары:
осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Мемлекеттік Елтаңбасын дайындаушыларға қатысты;
осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес техникалық регламентте қолданылатын сәйкестікті растау жөніндегі органдарға, зертханаларға (орталықтарға) және өтініш беруші қатысты;