Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СОТТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША КЕЛІСІМДІК ТӘРТІП...

Информация о документе
Датачетверг, 7 июля 2016
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 7 июля 2016

Соттардың қылмыстық істер бойынша келісімдік тәртіпте іс жүргізу практикасы туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 7 шілдедегі № 4 Нормативтік қаулысы

 

Осы редакция 2020 жылғы 11 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Соттардың қылмыстық істер бойынша келісімдік тәртіпте іс жүргізу практикасын талқылай келіп, сот практикасының бірлігін қамтамасыз ету және кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу және соттардың қылмыстық істер бойынша келісімдік тәртіпте іс жүргізу кезінде заңнаманы дұрыс қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

1. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім (бұдан әрі - кінәні мойындау туралы келісім) жасасудың негізгі мақсаты қылмыстарды жылдам және толық ашу, тергеп-тексеру және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 8-бабында көзделген өзге де қылмыстық процесс міндеттерін заңдылық, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау, кінәсіздік презумпциясы және қылмыстық процестің басқа да негізгі бастапқы қағидаттарын қатаң ұстана отырып, жасалған келісімге сәйкес соттың сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеруі және істің қысқартылған тәртіппен сотта талқылауын жүзеге асыруы жолымен шұғыл орындауы болып табылатыны түсіндірілсін.

2. Кінәні мойындау туралы келісім онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа не ауыр қылмыстарға немесе олардың жиынтығы бойынша ғана жасалуы мүмкін.

ҚПК-нің 613-бабының екінші бөлігінің 1) тармағының талаптарына сәйкес, егер қылмыстардың жиынтығы орын алса, олардың ең болмағанда біреуі аса ауыр қылмыстар санатына жатса, не күдікті, айыпталушы, сотталушы жиынтыққа кіретін қылмыстың ең болмағанда біреуін жасаған деген күдікпен, айыптаумен келіспесе, онда кінәні мойындау туралы келісім жасасуға жол берілмейді.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом