Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2011.27.05 № 246 БҰЙРЫҒ...

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Осы редакция 2015 жылғы 29 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2011 жылғы 27 мамырдағы

№ 246 бұйрығына

4-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында басшы лауазымдарға жоғарылату үшін кадр резервін қалыптастыру
ережесі
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Кадр резерві ішкі істер органдарының (бұдан әрі - ІІО) кадр резервін қалыптастыру және ІІО-дағы қызметтердің лауазымдарын жасақтауды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

2. Кадр резервіне қабылданған қызметкерлер бос лауазым болған, біліктілік талаптарға сәйкес келген жағдайда олардың келісімі бойынша үш жылдың ішінде тиісті санаттағы лауазымға тағайындалады.

3. Қызметкердің кадр резервінде тұру мерзімі үш жылдан аспауға тиіс. Кадр резервіне қойылып, бірақ кадр резервінде болған кезеңде олар үшін жоспарланған лауазымға тағайындалмаған адамдар, кадр резервіне жалпы негіздерде жаңадан қойылуы мүмкін.

4. Бос басшы лауазымға ішкі істер органының кадр резервінде тұрған адам ішкі істер органының басшының шешімі бойынша орналастырылады. Кадр резервінде тұрған қызметкерлер ұсынылған лауазымнан бас тартқан кезде, бос лауазымға аттестаттау нәтижесі бойынша немесе кадрларды іріктеу арқылы басқа қызметкер орналастырылады.

 

 

2. Кадр резервін қалыптастыру

 

5. Кадр резерві әрбір ішкі істер органдарында ішкі істер органдары және жоғары тұрған органдар номенклатурасы сияқты орналастыруға қажеттілікті ескере отырып, әрбір лауазымға кемінде екі үміткердің есебінен құрылады.

6. Кадр резервін қалыптастыру көздері:

1) Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ІІМ) комитеттерінің, департаменттерінің, дербес басқармаларының, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттері (бұдан әрі - ІІД, КІІД) бастықтарының, ІІМ білім беру ұйымдары және олардың құрылымдық бөліністері бастықтарының нақты адамдардың іскерлік және моральдық қасиеттерін жан-жақты зерделегеннен кейін тізімге қосу туралы ұсыныстары;

2) басшы құрамдағы адамдарды аттестаттау нәтижелері бойынша кадр резервіне қабылдауға ұсынылған қызметкерлер;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом