Осы редакция 2016 жылғы 17 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы 21 шілдедегі
№ 180 қаулысымен
бекітілген
«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстың, аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - ХҚО) арқылы және «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама.
4. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іс-қимылды бастау үшін негіздеме: