Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 28/6-III «Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау
жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы»
шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 11 наурыздағы № 440/59-IV Шешімі
Осы редакция 2015 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 3-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағы 8) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 22-бабының 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 28/6-III «Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 5 мамырда № 326 болып тіркелген, 2004 жылғы 22 мамырдағы № 63-64 «Вечерняя Астана», 2004 жылғы 15 мамырдағы № 62-63 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидаларында:
10-тарауының атауы келесі редакцияда жазылсын:
«10. Қала аумағындағы жол төсемдерін, жаяу жүргіншілер жолдарын, гүлзарларды және басқа да объектілердің, қалалық шаруашылық элементтерінің бұзылуына әкеліп соғуына және қала аумағын ашуға байланысты жұмыстарды жүргізу, инженерлік желілерді, құрылымдарды және коммуникацияларды күтіп ұстау тәртібі»;
125-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: