Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияны ерікті түрде қайтару, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті түрде және мәжбүрлеп таратуын жүргізу, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияның және бағалы қағаздар нарығында басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың жоқ екендігін растайтын құжаттар тізбесін белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 216 Қаулысы
(2016.28.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.26.02. № 27 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.28.10. № 258 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.26.02. № 27 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.28.10. № 258 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда