Введите номер документа
Прайс-лист

«Соттардың төрелік заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 3 Нормативтік қаулысы

Информация о документе
Датачетверг, 2 ноября 2023
Статус
Действующийвведен в действие с 17 ноября 2023
Дата последнего изменениячетверг, 2 ноября 2023

Соттардың төрелік заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 3 Нормативтік қаулысы

 

Соттардың төрелік заңнаманы қолдануы кезінде сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсініктемелер беруге қаулы етеді.

1. Төрелік азаматтық-құқықтық дауларды шешудің балама тәсілі болып табылады.

Тараптардың азаматтық-құқықтық дауды төрелікке қарауға беру құқығы Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі - Конституция) 13-бабының 1-тармағында, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 9-бабының 1-тармағында көзделген.

Тараптардың еркінің дербестігі, заңдылық, тәуелсіздік, жарыспалылық және тең құқықтылық, әділеттілік, құпиялылық, төрелік келісімнің дербестігі қағидаттарын сақтау төрелік талқылаудың ерекшеліктері болып табылады («Төрелік туралы» 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы (бұдан әрі-Төрелік туралы заң).

2. Істерді соттарда қарау рәсімін құқықтық реттеуден төрелік талқылауды құқықтық реттеу ерекшеленеді.

Төрелік талқылауды жүзеге асырған кезде төрешілер Конституцияны, Қазақстан Республикасы келісім білдірген халықаралық шарттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де халықаралық міндеттемелерін, Төрелік туралы заңды, төрелік келісімді, төрелік регламентін басшылыққа алады.

Төрешілер құқықты қолдану кезінде Төрелік туралы заңның 5-бабы 2) тармақшасының, 44-бабының нормаларын басшылыққа алады.

Тұрақты жұмыс істейтін төреліктің регламентінде, сондай-ақ Төрелік туралы заңның ережелерінде айқындалмаған және тараптармен келісілмеген төрелік талқылау қағидаларын төрешілер айқындайды.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом