Объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
Қостанай облысы Рудный қаласы әкімінің 2024 жылғы 11 маусымдағы № 3 шешімі
Қостанай облысы Рудный қаласы әкімінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 6 шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 175 бұйрығына сәйкес ШЕШТІМ:
1. Қаратомар су қоймасы ауданында орналасқан «Рудненский водоканал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сүзу стансасы учаскесінде объектілік ауқымды табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.