Введите номер документа
Прайс-лист

«Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде шикі газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 164 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 351 бұйрығы

Информация о документе
Датачетверг, 8 октября 2020
Статус
Действующийвведен в действие с 20 октября 2020
Дата последнего изменениячетверг, 8 октября 2020

 «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде шикі газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 164 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 351 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде шикі газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16961 болып тіркелген, 2018 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде шикі газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде шикі газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 146-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде:

1) ұңғыма объектілерін сынау кезінде;

2) кен орнын сынамалап пайдалану кезінде;

3) шикі газды технологиялық еріксіз жағу кезінде шикі газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеуге арналған.»;

5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Шикі газды өндірудің* жалпы көлемі (VI) мұнай, газ-мұнай, мұнай-газ, мұнай-газ конденсатты және газ конденсатты мұнай кен орындары/ұңғымалары үшін мынадай формула бойынша есептеледі:

 

VI = Qн × Гф, (1)

 

мұндағы:

VI - шикі газды өндіру* көлемі, м3;

Qм - мұнайды жылдық немесе тәуліктік өндіру, т.;

Гф - газ факторы (шикі газ көлемінің мұнай өндіру* көлеміне қатынасы, м3/т).

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом