Введите номер документа
Прайс-лист

(СТАРАЯ РЕДАКЦИЯ) «ТАМАҚ ӨНІМІН ӨНДІРУ (ДАЙЫНДАУ) ОБЪЕКТІСІНЕ ЕСЕПТІК Н...

Информация о документе
Датапятница, 3 апреля 2015
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 3 апреля 2015

Осы редакция 2016 жылғы 28 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 3 сәуірдегі

№ 307 бұйрығына

3-қосымша

 

 

«Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

 

1. «Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесі арқылы кеңсе немесе www.elicense.kz веб-порталы; www.egov.kz  «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап - 15 (он бес) жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом