ҚР Қаржы министрінің 2024.31.07. № 500 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2024 ж. 26 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара);
ҚР Қаржы министрінің 2026.02.02. № 69 бұйрығымен оң жақ жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда (2026 ж. 17 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушының
2020 жылғы 10 шілдедегі
№ 665 бұйрығына
4-қосымша
«Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті
қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтауға және көтерме саудада өткізуге лицензия беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет қағидасы
(2026.17.02. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтауға және көтерме саудада өткізуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабы 1)-тармақшасына сәйкес әзірленген және «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтауға және көтерме саудада өткізуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсету тәртібін анықтайды.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.