2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 94-бабы бірінші бөлігі 3) тармағының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2024 жылғы 9 қазандағы № 53-НҚ нормативтік қаулысы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТЫНАН
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төраға Э.Ә. Азимова, судьялар Қ.Т. Жақыпбаев, А.Е. Жатқанбаева, А.Қ. Қыдырбаева, Қ.С. Мусин, Б.М. Нұрмұханов, Р.А. Подопригора, Е.Ж. Сәрсембаев және С.Ф. Ударцев қатысқан құрамда,
өтініш субъектісі Н.А. Аскерованың өкілі - адвокат С.М. Сарсенбаевтың,
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілі - Заңнама департаментінің директоры Д.А. Сүлейменовтің,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі - Бас Прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі М.Т. Кемаловтың,
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының өкілі - Заңнама бөлімінің сектор меңгерушісі А.К. Есимбекованың,
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының өкілі - Заңнама бөлімі меңгерушісінің орынбасары Н.А. Сартаеваның,
Республикалық адвокаттар алқасының өкілі - ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі С.С. Дельмановтың,
Республикалық заң консультанттары алқасының өкілі - Астана қаласы заң консультанттары палатасының мүшесі А.А. Искакбековтің,
Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының өкілі - бас ғылыми қызметкер Н.Н. Турецкийдің,
Парламентаризм институтының өкілі - атқарушы директор А.К. Канатовтың,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының өкілі - арнайы заң пәндері кафедрасының профессоры В.В. Ханның,
сарапшы - заң ғылымдарының докторы, профессор А.Н. Ақпановтың қатысуымен,
өзінің ашық отырысында 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 94-бабы бірінші бөлігі 3) тармағының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін тексеру туралы өтінішті қарады.