Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 554 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 434 бұйрығы

Информация о документе
Датасреда, 29 августа 2018
Статус
Действующийвведен в действие с 13 октября 2018
Дата последнего изменениясреда, 29 августа 2018

 «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 554 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 434 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

«Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 554 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7406 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 21 сәуірдегі № 172-177 (27251) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларында:

10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Дайындық бөлімдеріне түсу үшін кешенді тестілеуге қатысуға (бұдан әрі - КТ) өтініштерді қабылдауды күнтізбелік жылғы 5 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында ЖОО-ның қабылдау комиссиялары жүргізеді.

11. КТ күнтізбелік жылғы 10 - 15 қыркүйек аралығында өткізіледі.»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Білім беру дайындығының деңгейін арттыру бойынша оқыту үшін КТ математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша өткізіледі.»;

16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Тілдік дайындығын күшейтумен қоса дайындық бөлімдерінде оқу үшін КТ: «Ағылшын тілі» пәні және келесідей жаратылыстану-математика циклы пәндерінің біреуі бойынша өткізіледі «Биология», «Физика», «Химия».

17. Білім беру дайындығының деңгейін арттыру бойынша оқу үшін КТ тапсырмаларының саны:

1) математикалық сауаттылық бойынша - 20;

2) оқу сауаттылығы бойынша (оқу тілі) - 20.

КТ ұзақтығы - 1 сағат 20 минут.

Математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы бойынша тест тапсырмаларының нысаны ұсынылған бес жауаптан бір жауап таңдалатын тапсырма.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом