«Ұлттық режимнен алып тастауға жататын машина жасау тауарларының және химия, металлургия және құрылыс өнеркәсіптері тауарларының, жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 114 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 5 маусымдағы № 198 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық режимнен алып тастауға жататын машина жасау тауарларының және химия, металлургия және құрылыс өнеркәсіптері тауарларының, жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 114 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген ұлттық режимнен алуға жататын машина жасау тауарлары мен химия, металлургия және құрылыс өнеркәсібі тауарларының, жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің тізбесінде:
«Металлургия өнеркәсібінің тауарлары, жұмыстары, көрсетілетін қызметтері» деген бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 1908-1, 1908-2, 1908-3, 1908-4, 1908-5, 1908-6, 1908-7, 1908-8, 1908-9, 1908-10, 1908-11, 1908-12, 1908-13, 1908-14, 1908-15, 1908-16 1908-17, 1908-18, 1908-19, 1908-20, 1908-21, және 1908-22-жолдармен толыктырылсын:
«
| 1908-1 | Іргетас көп қырлы тіреуішке арналған, болат | 251123.600.000072 |
| 1908-2 | Кронштейн консольдік шамжарық үшін конустық тіректерге орнату үшін, екі мүйізшелі | 251123.600.000073 |
| 1908-3 | Тіреу күштік, металды | 251123.173.000001 |
| 1908-4 | Тіреу антенналық, болат | 251122.100.000000 |
| 1908-5 | Прожекторлық діңгек түсіру және көтеру жүйесімен, болат | 251110.300.000023 |
| 1908-6 | Керегеторлы мачта металды қондырғыларда пайдалану үшін | 251122.300.000006 |