«2024 жылғы 1 - 31 наурыз, 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткізілетін электронды форматтағы ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 27 ақпандағы № 91 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 10 мамырдағы № 222 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес және Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу үшін ҰБТ өткізу пункттерінің тізбесін өзектендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «2024 жылғы 1 - 31 наурыз, 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткізілетін электронды форматтағы ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 27 ақпандағы № 91 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«2024 жылғы 1 - 31 наурыз, 16 мамыр мен 12 шілде аралығында өткізілетін электронды форматтағы ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру туралы»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «U-FUTURE» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ҰБТ өткізу үшін мынадай іс-шараларды:
1) аудиториялармен (компьютер сыныптарымен) және техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуді;
2) тестілеу барысын бақылау үшін тестілеуге қатысты аудиториялар мен аудиторияларға кіреберістерді, аймақтарды бейнебақылау жүйесімен, тестілеуге тыйым салынған заттарды алып кіруді болдырмау үшін металл іздегіштермен, ұялы байланыс сигналдарын өшіретін құралдармен, фронтальды камералармен, тестілеуге бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу үшін тұлғаларды тану жүйесімен қамтамасыз етуді;
3) ұялы байланыс сигналдарын өшіретін құралдардың электромагниттік өрісін өлшеу жұмыстарының хаттамасын алуды ұйымдастыруды;
4) компьютерлермен және деректерді беру жылдамдығы 100 Мбит/с басталатын Интернет байланыс арналарымен қамтамасыз етуді;
5) деректерді беру жылдамдығы 1 Гбит/с қолдайтын құрылымдық кабельдік жүйені қамтамасыз етуді;
6) желінің қауіпсіздігін, сенімділігін және қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жаңа буын коммутаторларымен қамтамасыз етуді;