«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 103 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 316 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 103 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9988 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілерін өткізу қағидаларында:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Нормативтер күшті, шыдамдылықты, жылдамдылықты, икемділік пен ептілікті көрсететін дене жаттығулар түрлерін қамтиды. Дене жаттығуларының түрлері жеке тұлғаның жасына қарай сатылап айқындалады.
5. Нормативтер нәтижелері үш деңгейге бөлінеді:
1) президенттік дайындық деңгейі;
2) ұлттық дайындық деңгейі;
3) бастапқы дайындық деңгейі.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Дене жаттығуларының түрлері осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген:
1) жүгіру (30, 60, 100, 500, 1000 метр) - стадионның жүгіру жолында немесе кез келген тегіс жерде және жеңіл атлетика қағидаларына сәйкес өткізіледі;
2) орнында тұрып ұзындыққа секіру - ашық және жабық үй-жайларда кез келген тегіс жерде өткізіледі;
3) биік кермеде тартылу бастапқы қалыпта жоғарыдан ұстай асылып, аяқты еденге (жерге) тигізбей орындалады. Кермеден иек жоғары өтіп және бастапқы қалыпқа қайтып оралған кезде жаттығу орындалған болып есептеледі. Жаттығуды орындау кезінде қолдарды айқастыруға болмайды;