Жақсы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 7ВС-2-1 «Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 8 мамырдағы № 8С-42-2 шешімі
Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 7ВС-2-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8334 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
2, 6, 7, 9, 16, 17, 29-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы «Аудандық мәдениет Үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының жанында орналасқан алаң, Жақсы ауылы, Дружбы көшесі, 14 А.
6. Алаң, Беловод ауылы, Амангелді Иманов көшесі, 2.
7. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Беловод ауылы, Мәншүк Мәметова көшесі бойымен Амангелді Иманов көшесінің қиылысына дейін.
9. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жаңа Қийма ауылы, М.Маметова көшесі бойымен Жеңіс көшесінің қиылысына дейін.
16. Алаң, Киев ауылы, Абай көшесі, 174.
17. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Киев ауылы, Целинная және Парковая көшелерінің қиылысынан Абай көшесі бойынша орналасқан алаңға дейін.