Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XVIII сессиясының 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 125 шешiмi
VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XII сессиясының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 73 шешiмiмен күші жойылды
Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1194 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы (бұдан әрі - Қағида):
12-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күніне:
1) мәртебеcі «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабымен белгіленген, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне - 1 миллион теңге;
2) мәртебеcі «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5, 6-баптарымен белгіленген, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне - 100 мың теңге;
3) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесірлеріне - 100 мың теңге;