«Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 13 қазандағы № 537 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15427 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларда:
2-тармақтың 147) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«147) SNOWTAM - әуеайлақтың жұмыс алаңында қардың, мұздың, батпақтың, қыраудың, тұрып қалған судың немесе қардың, батпақтың, мұздың немесе қыраудың еруі нәтижесінде пайда болған судың болуына байланысты қауіпті жағдайлардың болуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлауды, ұшу-қону жолағы бетінің жай-күйі туралы хабарламаны қамтитын стандартты форматта берілетін арнайы сериялы NOTAM.»;
мынадай мазмұндағы 14-1-тармағымен толықтырылсын:
«14-1. Аэронавигациялық деректер мен аэронавигациялық ақпарат әртүрлі форматта ұсынылған жағдайларда деректер мен ақпараттың әртүрлі форматта келісілуін қамтамасыз ету процестері енгізіледі.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. ААҚ Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның «Аэронавигациялық ақпарат қызметтері» 15-қосымшасының және Аэронавигациялық ақпарат қызметтері жөніндегі нұсқаулық (Dос 8126, ИКАО құжаты) талаптарына сәйкес, сондай-ақ «Аэронавигациялық қызмет көрсету қағидалары. Аэронавигациялық ақпаратты басқару» ИКАО PANS-AIM құжатына (Doc 10066) сәйкес аэронавигациялық ақпарат өнімдері жариялануын қамтамасыз етеді.»;
мынадай мазмұндағы 18-1-тармағымен толықтырылсын: