«Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін және Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 24 маусымдағы № 225 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін және Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34030 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы:
1) тұрмыстық электр аспаптарын өндіру;
2) былғары және оған жататын өнімдер өндірісі;
3) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
4) резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру;
5) өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі;
6) металлургия өнеркәсібі;
7) дайын металл бұйымдарын өндіру;
8) машиналар мен жабдықтар өндірісі;
9) мұнай-химия өнімдерін өндіру;
10) негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі;
11) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;
12) электр қозғалтқыштарын, генераторларды, трансформаторларды, электр тарату және бақылау аппаратурасын өндіру;
13) электр өткізгіштер мен электр өткізгіш аспаптарды өндіру;
14) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
15) деректерді өңдеу, қосымшаларды (қолданбалы бағдарламаларды) орналастыру және осыған байланысты қызмет; веб-порталдардың қызметі;
16) аквамәдениет;