Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 13 тамыздағы
№ 345 бұйрығына 3-қосымша
ҚР Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 мамырдағы № 138 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.03.09. № 381 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.28.12. № 548 бұйрығымен (бұр.ред.қара) әдістемелік ұсынымдар жаңа редакцияда
Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі
әдістемелік ұсынымдар
(2020.28.12. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - ТжКБ) оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар 2020-2021 оқу жылында білім беру процесін тиімді ұйымдастыру және ТжКБ ұйымдарының академиялық саясатын іске асыру мақсатында білім беру ұйымдарына көмек ретінде әзірленді. Әдістемелік ұсынымдарды меншік нысанына қарамастан барлық ТжКБ ұйымдары пайдаланады.
2. ТжКБ ұйымдары жергілікті атқарушы органдардың шешімі және тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің келісімі бойынша қашықтықтан, аралас, штаттық форматтарда жұмыс істейді.
3. Ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардың ТжКБ ұйымдарында 15 студентке дейін топтарда толымдылықпен штаттық режимде оқытуға жол беріледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жанындағы ТжКБ ұйымдарында және «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусы» республикалық мемлекеттік мекемесінде оқыту тиісті уәкілетті органдардың шешімі және тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің келісімі бойынша жүзеге асырылады.
4. Жаңа оқу жылы COVID-19 белсенділігі жағдайында келесі бағыттар бойынша ұйымдастырушылық шараларды жүзеге асыруды қажет етеді:
1) оқу корпустары мен жатақханаларда санитарлық-эпидемиологиялық режимді (бұдан әрі - СЭР) қамтамасыз ету;