ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023.19.06. № 236 бұйрығымен 13-қосымша жаңа редакцияда (2023 ж. 24 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 301 бұйрығына
13-қосымша
«Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
(2026.24.04. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2026.03.04. № 118 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
2) пайдаланушының «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы кабинеті (бұдан әрі - жеке кабинет) - жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық түрде қызметтер көрсету мәселелері, аталған тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылға арналған «электрондық үкіметтің» веб-порталының құрамдасы;