Осы редакция 2024 жылғы 25 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2022.18.01. № 49 бұйрығымен 11-1 - 11-2-қосымшаларымен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 20 қаңтардағы
№ 39-бұйрығына
11-1-қосымша






































Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 20 қаңтардағы
№ 39-бұйрығына
11-2-қосымша
«Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (110.00-нысан)» салық есептілігін жасау
қағидалары
(2022.15.10. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (110.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес әзірленген және корпоративтік кіріс салығын (бұдан әрі - КТС) есептеуге арналған КТС бойынша салық есептілігі нысанын (бұдан әрі - декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 722-бабы 1-тармағына сәйкес салық режимі белгіленген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа немесе өнімді бөлу туралы келісімшартқа (бұдан әрі - жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт) сәйкес қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген салық режимінің ерекшеліктерін және осындай келісімшарт қолданыста болған күнге салық заңнамасы нормаларын ескере отырып (бұдан әрі - салық заңнамасын қолданатын), мемлекет атынан алушы жасайды.
2. Декларация декларацияның өзінен (110.00-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған қосымшалардан (110.01-ден 110.12-ға дейінгі нысандар) тұрады.
3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер болмаған кезде декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.
5. Декларацияға қосымшалар декларациядағы жолдар толтырылған кезде міндетті тәртіпте толтырылады.