Введите номер документа
Прайс-лист

«Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2026 жылғы 26 ақпандағы № 195 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Информация о документе
Датачетверг, 26 февраля 2026
Статус
Не введен в действиевводится в действие с 13 марта 2026

Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2026 жылғы 26 ақпандағы № 195 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7447 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау тәртібі туралы ережеде:

184-тармақтың орыс тіліндегі нұсқасына толықтыру енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады;

226-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) өндіріп алушы төлеген жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін мөлшерлемелер мөлшерінің сомасын белгілеу, өндіріп алушының атқарушылық жазба жасалған кезде көтерген пошталық шығыстары;»;

233-тармақты мынадай редакцияда жазылсын:

«233. Жекеше нотариустың атқарушылық жазбаны жасағаны үшін ақы Заңның 30-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 27 қыркүйектегі № 533 бұйрығымен бекітілген Жекеше нотариустардың нотариаттық әрекеттер жасағаны және өзге де көрсетілетін қызметтері үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттардың көшiрмелерiн (телнұсқаларын) бергенi және консультация беруді жүзеге асырғаны үшiн мөлшерлемелер мөлшеріне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36957 болып тіркелген) алынады.

Жекеше нотариустың нотариаттық әрекеттер жасағаны және өзге де қызметтері үшін төлем төлеуден босатылған өндіріп алушы атқарушылық жазбаны жасау үшін жүгінген кезде, оларды төлеу бойынша міндет борышкерге жүктеледі.

Атқарушылық жазбаның күші жойылған кезде нотариусқа оны жасау үшін төленген сома қайтарылуға жатпайды.».

Документ не введен в действие

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами