«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 шілдедегі №347 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 қарашадағы № 380 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 шілдедегі № 347 бұйрығына мынадай өзгерістеренгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Басқарманың заңды мекенжайы:Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 38.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Басқарманың заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы,120008, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 60А.».