ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау, прокуратура және әлеуметтік қамсыздандыру туралы
заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім):
1) бүкіл мәтін бойынша «заң құжаттарында», «Заң құжаттарында», «заңнамалық актілерде», «заң құжаттарына», «заңнамалық актілерге», «Қазақстан Республикасының өзге де заң құжаттарында», «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде», «заң құжаттарымен шектеу», «заң құжаттарымен белгіленеді», «заң актілерінде», «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне», «заң құжаттары», «Заң актілерінде», «осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен белгіленеді», «заңнамалық актілер», «Қазақстан Республикасының заң актілерінде», «Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заң актісінде», «Қазақстан Республикасының банкроттық мәселелерін реттейтін заңнамалық актісіне», «Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде», «осы Кодекспен және заң құжаттарымен белгіленеді», «заң актілеріне», «Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалады», «осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен айқындалған», «Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді», «Қазақстан Республикасының заң актілеріне», «Қазақстан Республикасының заң актілерімен акционерлік», «заң актілерімен белгіленеді», «осы Кодекспен және өзге де заң құжаттарымен белгіленеді», «заң актілерімен айқындалады», «заң құжаттары мен құрылтай құжаттарында басқа мәселелерді шешуді де жатқызуы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде», «Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде», «Қазақстан Республикасының заң құжаттарына», «заң құжаттарынан», «Заңнамалық актілермен», «заңнамалық актілердің», «Заңнамалық актілерде», «заң құжатында», «Осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен», «заң құжаттарымен», «Заң құжаттарына», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісіне», «осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде», «Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заң актісімен», «заң актілерімен», «осы Кодекспен, басқа да заң құжаттарымен», «заң құжаттарын», «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы қызметті реттейтін заң актілерінде», «Қазақстан Республикасының арнайы заң актілерімен», «Қазақстан Республикасының арнайы заң актілерінде», «заң құжаттарының», «заңнамалық актілермен», «заң құжаттарымен жүктелуі», «Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заңнамалық актісінде», «заң құжатының», «заң құжаттары залалды толық өтеу құқығын шектей алады», «Борышқор заң актілері», «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамалық актісінде», «заң құжатынан», «Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде» деген сөздер тиісінше «заңдарда», «Заңдарда», «заңдарда», «заңдарға», «заңдарға», «Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында», «Қазақстан Республикасының заңдарында», «заңдармен шектеу», «өзге де заңдарда», «заңдарда белгіленеді», «заңдарда», «Қазақстан Республикасының заңдарына», «заңдар», «Заңдарда», «осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді», «заңдар», «Қазақстан Республикасының заңдарында», «Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңында», «Қазақстан Республикасының банкроттық мәселелерін реттейтін заңына», «Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында», «осы Кодексте және заңдарда белгіленеді», «заңдарға», «Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады», «осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалған», «Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді», «Қазақстан Республикасының заңдарына», «Қазақстан Республикасының заңдарында акционерлік», «заңдарда белгіленеді», «осы Кодексте және өзге де заңдарда белгіленеді», «заңдарда айқындалады», «заңдар мен құрылтай құжаттарында өзге мәселелерді шешу де жатқызылуы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңында», «Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында», «Қазақстан Республикасының заңдарына», «заңдардан», «Заңдармен», «заңдардың», «Заңдарда», «заңда», «Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында», «заңдарда», «Заңдарға», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңына», «осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында», «Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңында», «заңдарда», «осы Кодексте, басқа да заңдарда», «заңдарды», «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы қызметті реттейтін заңдарында», «Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен», «Қазақстан Республикасының арнайы заңдарында», «заңдардың», «заңдармен», «заңдармен жүктелуі», «Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заңында», «заңның», «заңдарда залалды толық өтеу құқығы шектелуі мүмкін», «Борышкер заңдар», «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңында», «заңнан», «Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-бапта:
1-тармақта:
«Заң күші бар Жарлықтарынан, Парламенттің қаулыларынан, Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан (заң актілерінен)» деген сөздер «конституциялық заң немесе заң күші бар жарлықтарынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
«1, 2-тармақтарында» деген сөздер «1 және 2-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «Министрліктер және өзге де орталық атқарушы» деген сөздер «Орталық мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 12-баптағы «басқа мемлекеттердің азаматтары» деген сөздер «шетел азаматтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 85-баптың 3-тармағындағы «акционерлік қоғам бір адамнан құрылуы немесе бір адамнан тұруы мүмкін, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе.» деген сөздер «, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, акционерлік қоғам бір адамнан құрылуы немесе бір адамнан тұруы мүмкін.» деген сөздермен, 105-баптың 2-тармағындағы «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздер «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 127-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы (ақша бірлігі) - теңге.»;
2-тармақта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
6) 139-баптың 5-тармағының екінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген тәртіппен есептелетін меншікті капиталдың теріс мөлшері болған жағдайда, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың мүмкіндігі мен негіздемесі» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен есептелетін меншікті капиталдың теріс мөлшері болған жағдайда, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың мүмкіндігі мен негіздері Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздермен, 167-баптың 4-тармағындағы «республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздер «астананың, республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен, 230-баптың 4-тармағындағы «осы Кодекстің ортақ үлесті меншік туралы қалыптары қолданылады, егер осы тараудың нормаларында өзгеше көзделмесе, басқа заң актілерімен немесе бірлескен қызмет туралы шартпен» деген сөздер «, егер осы тараудың нормаларында, басқа да заңдарда немесе бірлескен қызмет туралы шартта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің ортақ үлестік меншік туралы нормалары қолданылады» деген сөздермен, 242-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі, 245 және 246-баптардағы «республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздер «астананың, республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 282-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде және 307-баптың 1-тармағының төртінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
1) 14-1-баптың 2-тармағының 10-1) тармақшасындағы «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздер «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға және «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 16-баптың 2-тармағының 4-1) тармақшасындағы «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздер «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға және «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 32-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» және «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздер «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға, «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» және «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 36-баптың 1-тармағының алтыншы абзацындағы «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» және «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздер «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға, «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» және «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 84-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» және «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздер «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға, «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» және «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) бүкіл мәтін бойынша «заңнамалық актілерінде», «заңнамалық актілерін» және «заңнамалық актілеріне» деген сөздер тиісінше «заңдарында», «заңдарын» және «заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-баптың 1-тармағындағы «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне», «пайдалануға құқығы бар» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік қызмет бостандығы құқығына», «пайдалану құқығына кепілдік береді» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 57-баптың 2-тармағында:
2) тармақшада:
екінші абзацтағы «облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана» деген сөздер «астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы «облыстардағы, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы қауымдастықтар (одақтар)» деген сөздер «астананың, облыстардың, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың қауымдастықтары (одақтары)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшаның екінші абзацындағы «тиісті облыстардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың» деген сөздер «астананың, тиісті облыстардың, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 82-баптың 3-тармағының үшінші бөлігінде:
бірінші сөйлемдегі «Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының» және «Парламентінде» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының, Қазақстан Халық Кеңесінің» және «Құрылтайында» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлемдегі «Парламенті» және «Парламентінің» деген сөздер тиісінше «Құрылтайы» және «Құрылтайының» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 129-бапта:
4-1-тармақтағы «144-4,» деген цифрлар «144-4-баптарын, 153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарын,» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ «4-тармақтарын,» деген сөздерден кейін «153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарын,» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың бірінші абзацы «131-1-бабын,» деген сөздерден кейін «153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарын,» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтағы «Осы» деген сөз «153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарын қоспағанда, осы» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы «және 131-1-бабын» деген сөздер «, 131-1-бабын, 153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-1-тармақтың бірінші абзацындағы «144-4 және 157-баптарын» деген сөздер «144-4-баптарын, 153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарын және 157-бабын» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақ «139-баптарын,» деген сөздерден кейін «153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарын,» деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 10) тармақшасында санамаланған қатынастарға осы Кодекстің 153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарының күші қолданылады.»;
13-тармақтың екінші бөлігі «және оларға осы Кодекстің 153-бабы 1-1 және 1-2-тармақтарының күші қолданылады» деген сөздермен толықтырылсын;
16-тармақтың бірінші абзацы «131-1-бабын,» деген сөздерден кейін «153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарын,» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 153-баптың 1-2-тармағында:
бірінші бөліктің бірінші абзацы «жергілікті атқарушы органдар» деген сөздерден кейін «, квазимемлекеттік сектор субъектілері, олардың лауазымды адамдары мен оларға теңестірілген адамдар» деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«келісімшартты не келісімді біржақты тәртіппен бұзу, сондай-ақ келісімшарттың не келісімнің қолданылу мерзімін ұзартудан бас тарту;»;
мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді әкелуге, әкетуге, транзиттеуге, тасымалдауға (орнын ауыстыруға), қайтаруға, алып қоюға тыйым салу мәселелері бойынша тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды қабылдайды.»;
екінші және үшінші бөліктер «жергілікті атқарушы органдар» деген сөздерден кейін «, квазимемлекеттік сектор субъектілері, олардың лауазымды адамдары мен оларға теңестірілген адамдар» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 276-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі «жергілікті атқарушы органдардың» деген сөздерден кейін «, олардың лауазымды адамдары мен оларға теңестірілген адамдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 314-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«314-бап. Инвестициялық омбудсмен
1. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры инвестициялық омбудсмен болып саналады, оған инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі функциялар жүктеледі.
2. Инвестициялық омбудсмен өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін басшылыққа алады.»;
9) 315-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер бойынша инвесторлардың өтініштерін қарайды және қажет болған кезде оларды шешу үшін прокурорлық қадағалау және прокурорлық ден қою актілерін шығарады;»;
2) тармақшадағы «туындайтын» деген сөз «проблемалы» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Инвестициялық прокурорлар - облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар (астана және республикалық маңызы бар қалалар) өңірлік деңгейде инвестициялық омбудсмен ретінде әрекет етеді.»;
3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
10) 316 және 317-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«316-бап. Инвестициялық омбудсменнің құқықтары
Инвестициялық омбудсменнің:
1) мемлекеттік органдардан және меншік нысанына қарамастан, ұйымдардан өтініштерді қарау үшін қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
2) орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және ұйымдардың басшыларын не оларды алмастыратын адамдарды инвесторлардың проблемалы мәселелері бойынша тыңдауға және оларды жою жөнінде тапсырмалар беруге;
3) инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету жөнінде өзге де шаралар қабылдауға құқығы бар.
317-бап. Инвестициялық омбудсменнің қызметін ұйымдастыру
Инвестициялық омбудсменнің қызметін прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау ведомствосы қамтамасыз етеді.».
4. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:
1) бүкіл мәтін бойынша «шетелдіктер», «Шетелдікті», «шетелдікті», «шетелдіктің немесе», «шетелдік немесе», «Шетелдік немесе», шетелдіктермен», «Шетелдіктер», «шетелдіктің жеке» деген сөздер тиісінше «шетел азаматтары», «Шетел азаматын», «шетел азаматын», «шетел азаматының немесе», «шетел азаматы немесе», «Шетел азаматы немесе», «шетел азаматтарымен», «Шетел азаматтары», «шетел азаматының жеке» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) бүкіл мәтін бойынша «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы», «адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» деген сөздер тиісінше «Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы», «адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 1-баптың екінші бөлігіндегі «және өзге де» деген сөздер алып тасталсын;
4) 6-баптың екінші бөлігінде:
бірінші сөйлем «құқықтық актілерді» деген сөздерден кейін «, олардың жекелеген ережелерін» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлем «құқықтық акт», «бұл актіні» деген сөздерден кейін тиісінше «, олардың жекелеген ережелері», «, оның жекелеген ережелерін» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 8-бапта:
екінші бөліктің екінші абзацындағы «талап қоюды беріп,» деген сөздер «, сондай-ақ инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша талап қоюмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері прокурормен міндетті түрде келісуден кейін, инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын талап қоюмен сотқа жүгіну құқығын іске асырады.
Инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторға қатысты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің талап қоюды прокурормен міндетті түрде келісуі инвестициялық қызметтен туындайтын талап қою берілген жағдайда талап етіледі.»;
6) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Жеке өмірге қол сұғылмаушылық
Жеке өмірге қол сұғылмау құқығына, жеке және отбасы құпиясының болу құқығына, цифрлық технологияларды қолдануды қоса алғанда, дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан қорғау құқығына заңмен кепілдік беріледі.
Банк операцияларының, жеке салымдар мен жинақтардың, жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздердің, пошта хабарламаларының және байланыс құралдары, оның ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы берілетін өзге де хабарламалардың құпиясы заңмен қорғалады. Азаматтық процесс барысында бұл құқықты шектеуге заңда белгіленген жағдайда және көзделген тәртіппен ғана жол беріледі.»;
7) 13-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы «азаматтардың» деген сөз «Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе уақытша жүрген шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 14-баптың бірінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
9) 21-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы «конституциялық емес», «құқықтық актіге» деген сөздер тиісінше «Конституцияға сәйкес келмейді», «құқықтық актіге, оның жекелеген ережелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 27-баптың үшінші бөлігінің үшінші абзацындағы және 30-баптың жетінші бөлігіндегі «республикалық маңызы бар қалалардың және астананың», «Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың» деген сөздер тиісінше «астананың және республикалық маңызы бар қалалардың», «Астананың және республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 34-баптың алтыншы бөлігінің екінші абзацындағы «Әртүрлі облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада» деген сөздер «Астанада, әртүрлі облыстарда және республикалық маңызы бар қалаларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 54-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацы 3) тармақшасындағы «болса, бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және мүдделерін қорғау үшін заңнамаға сәйкес сотқа талап қоюмен, арызбен жүгінуге құқылы.» деген сөздер «болса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) егер бұзушылық жүйелі сипатта болса не Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалына теріс әсер етуі мүмкін болса, инвестициялық жобаны іске асырумен байланысты мәселелер бойынша инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторлардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және мүдделерін қорғау үшін заңнамаға сәйкес сотқа талап қоюмен, арызбен жүгінуге құқылы.»;
13) 59-баптың бірінші бөлігіндегі «Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
14) 148-баптың үшінші бөлігі:
«берген» деген сөзден кейін «, сондай-ақ инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
«мүдделердің» деген сөзден кейін «, оның ішінде инвесторлар мүдделерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 149-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:
«5-2) прокурордың міндетті түрде келіскені туралы мәліметтер, егер инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын талап қоюды мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, олардың лауазымды адамдары және оларға теңестірілген адамдары берсе;»;
16) 152-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган, квазимемлекеттік сектор субъектісі, олардың лауазымды адамдары және оларға теңестірілген адамдар инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын талап қоюды прокурордың келісімінсіз берсе;»;
17) 272-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) егер ол осы іс бойынша қолданылуға тиіс заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт, оның жекелеген ережелері адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапқан және осы актіні, оның жекелеген ережелерін конституциялық емес деп тану туралы ұсынумен Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына өтініш жасаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының басқа соттың бастамашылығымен осы іс бойынша қолданылуға тиісті нормативтік құқықтық актінің, оның жекелеген ережелерінің Конституцияға сәйкестігін тексеріп жатқандығы белгілі болған;»;
18) 434-баптың үшінші бөлігі:
«немесе оның орынбасарларының,» деген сөздерден кейін «прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау ведомствосы бірінші басшысының» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау ведомствосының бірінші басшысы инвестициялық жобаны іске асырумен байланысты қатынастардан туындайтын істер бойынша инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторлардың мүдделерін қозғайтын, заңды күшіне енген сот актілеріне наразылық келтіруге құқылы.»;
19) 435-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасарлары, прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау ведомствосының бірінші басшысы, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры заңды күшіне енген сот актілеріне өз бастамасы бойынша да, осы Кодекстің 54-бабының екінші бөлігінде көзделген істер бойынша оларға берген, осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдардың өтінішхаттары бойынша да наразылық келтіруге құқылы.