Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 17 маусымдағы № 914 Жарлығы

Информация о документе
Датавторник, 17 июня 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 1 июля 2025
Дата последнего изменениявторник, 17 июня 2025

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

«Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Сот жюриі туралы ережеде:

5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Сот жюриі он үш судьядан - аудандық және оларға теңестірілген соттардың (бұдан әрі - аудандық сот) үш судьясынан, облыстық және оларға теңестірілген соттардың (бұдан әрі - облыстық сот) төрт судьясынан, кассациялық соттардың үш судьясынан және Жоғарғы Соттың үш судьясынан тұрады. Сот жюриіне кеңесші дауыс беру құқығы бар заңгерлер қауымының екі өкілі де кіреді.»;

17-тармақтың 1) тармақшасының екінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

20-тармақ алып тасталсын;

21-1 және 21-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«21-1. Сот істері мен материалдарын қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін судьяны тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселесі бойынша жоғары тұрған сот сатысының ұсынуы судьяның дәлелді себеппен жұмыста болмаған уақытын есептемегенде заңдылықты өрескел бұзу фактісі анықталған күннен бастап бір ай ішінде:

1) аудандық соттың судьясына, төрағасына немесе облыстық соттың судьясына қатысты - облыстық соттың жалпы отырысына;

2) облыстық соттың сот алқасының төрағасына, төрағасына, кассациялық соттың судьясына қатысты - кассациялық соттың жалпы отырысына;

3) кассациялық соттың төрағасына, Жоғарғы Соттың судьясына немесе сот алқасының төрағасына қатысты - Жоғарғы Соттың жалпы отырысына талқылауға шығарылады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом