«Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар (жол учаске) ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 318 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 3 қарашадағы № 55 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар (жол учаске) ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 318 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11128 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолымен (учаскемен) жүру үшін ақы алу қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Ұйымдастырушы пайдаланушыларды ақылы учаскелер бойынша жол жүру туралы хабардар ету мақсатында мынадай тәсілмен хабардар етеді:
1) ақы алу пункті болған жағдайда оның өкілдері болады;
2) клиенттермен жұмыс орталықтары, олар болған жағдайда;
3) жария шартта немесе ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында көрсетілген қысқа нөмірі бар Қазақстан Республикасы бойынша бірыңғай байланыс орталығы;
4) ұйымдастырушы ақылы учаскелер бойынша жол жүргені үшін берешегінің бар екендігі туралы смс-хабарлама және ақылы жол жүру мәселелеріне қатысты басқа да ақпарат жібереді.»;
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Ұйымдастырушы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген пайдаланушылардың деректеріне үшінші тұлғаларға қол жеткізуді шектейді.