Введите номер документа
Прайс-лист

«Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 2 наурыздағы № 177 бұйрығы

Информация о документе
Датасреда, 2 марта 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 17 марта 2022
Дата последнего изменениясреда, 2 марта 2022

 «Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 2 наурыздағы № 177 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10321 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:

«20-1. Электрондық аукционға сатып алушылар ретінде Заңның 80-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғалар қатыса алмайды.»;

мынадай мазмұндағы 20-2-тармақпен толықтырылсын:

«20-2. Электрондық аукцион басталар алдында қатысушылар хабарламаға ЭЦҚ арқылы қол қояды.»;

23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна мүліктің бағалау құнының бес пайызы мөлшерінде белгіленеді және электрондық аукционға қатысушы оны БЭСА операторының банктік шотына енгізеді.»;

32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«32. Электрондық аукцион мүліктің құнын арттыруға сауда-саттыққа онлайн режимдегі екі және одан да көп тіркелген қатысушылардан өтінімдер болған кезде өткізіледі, ал өтінімдер болмаған жағдайда аукцион өтпеді деп танылады.»;

мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:

«32-1. Егер электрондық аукцион басталған сәтте онлайн режимде екіден кем қатысушы болатын болса немесе электрондық аукционға қатысушылар лоттың жарияланған бағаларының бір де бірін растамаса, аукцион өтпеді деп танылады. Бұл ретте электрондық аукцион қорытындысы туралы хаттаманы автоматты түрде қалыптастырумен электрондық аукцион тоқтатылады.»;

37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом