«Сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ тізілімге енгізілетін цифрлық объектілердің түрлерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 2 маусымдағы № 279/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 20 тамыздағы № 494/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ тізілімге енгізілетін цифрлық объектілердің түрлерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 2 маусымдағы № 279/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38903 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ тізілімге енгізілетін цифрлық объектілердің түрлерін айқындау қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) Ұлттық инновациялық жүйенің «бірыңғай терезесі» (бұдан әрі - ҰИЖБТ) - инновациялық қызметті қолдау туралы, оның ішінде бірыңғай портал арқылы мемлекеттік қолдау шаралары мен инновациялар туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін цифрлық жүйе. «Астана Хаб» дербес кластерлік қоры Ұлттық инновациялық жүйенің «бірыңғай терезесін» құруды, дамытуды және сүйемелдеуді қамтамасыз етуге уәкілеттік берілген ұйым болып табылады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Өтініш ҰИЖБТ, «цифрлық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz немесе www.elicense.kz (бұдан әрі - портал) арқылы беріледі.»;
8-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: