«Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 333 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 27 қазандағы № 967 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12062 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Абай облысында – Абай, Аягөз, Бесқарағай, Жарма, Үржар аудандарында, Семей, Курчатов қалаларында, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Бородулиха ауданында.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Ақмола облысында – Аршалы, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Қорғалжын, Целиноград аудандарында, Степногорск қаласында, Ерейментау ауданының Сілеті ауылдық округінде, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Атбасар қаласында.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Алматы облысында – Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Кеген, Райымбек, Талғар, Ұйғыр аудандарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Алматы қаласы Медеу ауданының Алатау кентінде, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Алматы қаласының Бостандық ауданында.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: