Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Төрағасының 2014 жылғы 25 қарашадағы № 13 «Ведомостволық нормативтік-техникалық құжаттарды бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Төрағасының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 185 бұйрығы
Толықтырулар мен өзгерістер енгізуге қатысты нормативтік-техникалық құжатты реттеу мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Төрағасының «Ведомстволық нормативтік-техникалық құжаттарды бекіту туралы» 2014 жылғы 25 қарашадағы № 13 бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген ҚР ЕР 218-27-2014 «Автомобиль жолдарының көліктік-пайдалану жай-күйін диагностикалау және бағалау бойынша нұсқаулық» (бұдан әрі - нормативтік-техникалық құжат) нормативтік-техникалық құжатқа:
1) 4.4-тармағын 13.7 тармағына ауыстыру және мынадай редакцияда жазылсын:
«13.7 Жөндеу іс-шараларын негіздеу және тағайындау 3 (үш) кешенді көрсеткіштерді есептеу және оларды нормативтік құжаттармен салыстыру негізінде орындалады:
- Т қосымшасы бойынша жолдың (Тэс) техникалық деңгейі мен пайдалану жай-күйінің кешенді көрсеткіші;
- инженерлік жабдықтар мен орналастыру көрсеткіші, (К) Т қосымшасы бойынша;
- ҚР ЕР 218-19-01 бойынша пайдалану ұстау көрсеткіші (Р).»;
2) 4.11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4.11 Жолдардың жай-күйін диагностикалау және бағалау негізінде алынған ақпарат уәкілетті органмен автомобиль жолдарының деректер базасын қалыптастыру және жүйелі жаңарту үшін қызмет етеді:
1) Автомобиль жолдарын диагностикалау мен паспорттауды ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ есепті жылы алынған деректерді өңдеу есепті жылдың 1 қазанынан кешіктірмей;
2) Есепті жылдың 1 желтоқсанына дейін автомобиль жолдарын диагностикалау және паспорттау қорытындылары бойынша жол дерекқорына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу.»;
3) 5.3.9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: