Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018.28.05. № 120 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 27 шілдедегі
№ 211 қаулысымен
бекітілген
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 44 Қаулысымен күші жойылды
«Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2018.28.05. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну түрі: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналасатын жері туралы келісу-хаты немесе Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығымен бекітілген «Діни іс-шараларды өткізуге арналған бөлмелерді ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11183 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағымен қарастырылған негіздеме бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.