ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.13.12. № 684 бұйрығымен алып тасталды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.21.01. № 53 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 650 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 13 сәуірдегі
№ 198 бұйрығына 4-қосымша
«Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын
мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды
жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2017.25.12 берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижені беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның коммерциялық емес қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген сәттен бастап - 5 (бес) жұмыс күні.