«Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына,музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 393 бұйрығы
4-тармаққа сәйкес 2021 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12608 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларында:
көрсетілген Қағидаларға 1-1-қосымшада:
реттік нөмірі 16-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 16. | 98 % | «Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» РМҚК |
».