Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 93 бұйрығы
Осы редакция 2025 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15997 тіркелген):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 2-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесінде:
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«
| 12 | Ұйым басшысының нормативтік емес құқықтық актілері (бұйрықтары мен өкімдері): 1) негізгі (өндірістік) қызмет бойынша; | Тұрақты | Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар. |
| 2) жеке құрам бойынша (жұмысқа қабылдау (тағайындау, оқуға қабылдау), жұмыстан босату (шығару), ауысу, аттестаттау, білім алу, атақтар (шендер) беру, тегінің (әкесінің атын) өзгергені, марапаттау, еңбекақы төлеу, сыйақы беру, төлемдер, жәрдемақылар, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік жазалар қолдану мен алып тастау туралы); | 75 жыл СТК | Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар. |
| 3) жеке құрам бойынша (іссапарлар, демалыстар, көтермелеу, біліктілікті арттыру, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік жазаларды қоспағанда, тәртіптік жазалар қолдану мен алып тастау туралы) | 5 жыл СТК | Электрондық құжаттар*. |
»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«